Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Бүгін түсімде Иманғали Тасмағамбетовті көрдім. Костюм-шалбары керемет, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Матасы, тігісі, жылтыр қара түсі.... "Мәссаған, мынандай костюмнің бағасы да керемет шығар!.. Итальянский, құдай біледі..." деп ойлап қоямын...
Негізі, бұл кісіге ғашықпын ғой...", деп жазды желідегі парақшасында.
Сәуле ханымның жазбалары мен көпшіліктің пікірлерін оқи отырып, журналист түсінде жиі танымал тұлғаларды көретін болып шықты.
Асқар Наймантаев ағамыз: "Фестивальный түстердің апталығы" жүріп жатыр сенде. Билет қаншадан?, мысқылдап жазды.
Көпке танылған дәрігер Ғабит Нұрханұлы: "Тауықтын түсіне тары кіреді , не по теме мақал, әйтеуір түс туралы болған соң", деп әзілдеді.