Таяқ жеген әскерилерге көмек көрсеткен азаматты полиция қызметкерлері өлімші етіп сабап, азаптаған

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Демократиялық партияның белсендісі Абзал Достияров бұл оқиға жайлы Facebook парақшасында жазды.

Оның айтуы бойынша Дархан Уалиевтің бейбітшілікке шақырып жүрген бірнеше аудио-видеолары бар. Ал қазір Дархан қамауда отыр. Оған 272-ші баптың 2-ші бөлімі бойынша "Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды"-деп айып тағып отыр. Оны полиция қызметкерлері өлімші етіп сабаған,азаптаған көрінеді.

Партияның белсендісі жазықсыз,ақкөңіл азамат Дарханға бостандық берілуін сұрайды.