Таяу Шығыста содырлар америкалық тілшінің басын кесіп алды

Бейнежазбада ол өзінің осындай халге жеткеніне АҚШ Президенті Барак Обаманы кінәлайды. Журналист Обамаға: «Президенттікке сайланар кезде Ирак пен Ауғанстаннан әскерді әкетемін, Гуантанамоны жабамын дедіңіз. Соның ешқайсысы орындалған жоқ. Сіз Америка халқын алдап, отқа түсіріп жатырсыз» деді. Осыдан кейін лаңкес Сотлоффтың басын алды. Сосын ол кепілдегілерді әлі де жазалайтынын айтып қорқытты. Ал АҚШ билігі бейнежазбаның шынайылығын тексеруде. Айта кетейік, содырлар өткен тамыз айында да тағы бір америкалық журналист Жеймс Фоулиді  бауыздап өлтірген болатын.