Таяу Шығыстағы текетірес ушыға түседі деген болжамдардан кейін мұнай қымбаттай бастады


деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Бүгін Лондонның ICE Futures биржасында Brent мұнайының мамыр фьючерстері 2 долларға қымбаттап, баррелі 58,48 долларға жетті.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI мұнайының мамыр айына арналған фьючерстері 2,18 долларға қымбаттап, аталған мұнай маркасының бір баррелі 51,39 долларға бағаланды.
Сауд Арабиясы Йеменде әскери операция бастағанын мәлімдеді. Бұл мемлекет аталған операцияға 100 әскери ұшақ пен 150 мың жауынгер жұмылдырмақ.