7 млн. теңгеге облыстағы радиациялық ахуалды бағалау жөніндегі келісім-шартына радиациялық қауіпсіздік және экология институтымен арада 2004-жылдың наурыз айында қол қойылған.
Басқармадағылардың түсініктемесіне сәйкес, жер астында жарылыстар жасалған жерлерде қазаншұңқырлар пайда болып, оларда су жинала бастауына байланысты осындай зерттеулер жүргізу қажеттігі туындаған. Соның нәтижесінде бұл жерлерде жақсы шабындық пішен шығып, сол маңдағы тұрғындар сәуір-қараша айлары аралығында мал жая бастады.
Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметкерлері судың 3, топырақтың 73, өсімдіктердің 10 сынамасын алып, 85 жерде радиациялық көрсеткіштердің 334 өлшемі алынып, тұрғын үйлерде радонның белсенділігін паш ететін 3 өлшем алынды. Зерттеулер нәтижесі бойынша 1-Т ұңғысының маңында диаметрі 30 метрді құрайтын аумақта радиоактивті ластану анықталса, 6-Т ұңғысының бетон қақпағы ластанған болып шықты. Эквивалентті доза қуаты тиісінше 2 және 5 есе артқан.
Табиғатты пайдалану басқармасынан хабарлағанындай, қоршаған ортаның ластану деңгейінің ақырғы қорытындылары бұған дейін алынған сынамалар зертханалық талдаудан өткеннен кейін белгілі болады.