Таза балды қалай ажыратуға болады?


Ұлттық тағамтану орталығының ғылыми қызметкері Айгүл Нағашыбекқызының айтуынша, кешкісін жақсы ұйықтап, таңертең тынығып тұру үшін бір стакан суға бір қасық бал қосып ішудің пайдасы зор.

Омарташы Бекболат Ташболатұлы қазір жасанды балдың көбейіп кеткенін айтады. «Нағыз бал ешқашан сұйық болмайды. Жасанды балды ажырату үшін ыдыстың сыртынан қарасаң, арғы жағын көруге болады. Кейбір адамдар бал сұйық болуы керек деп есептейді. Оларға сұйық бал қажет болса, осы қою балды алып, 45 градус жылы суда ұстап тұр, аздан соң өзі сұйылады деп түсіндіру керек», - дейді ол.

Қазақстанның «Бал-Ара» ұлттық омарташылар одағының мәліметінше, әлемдегі ең сапалы бал біздің елде өндіріледі екен. Оның 80 пайызға жуығы Шығыс Қазақстанның үлесінде, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық арнасы.