«Таза Қазақстан» бастамасына 10 миллионнан астам адам қатысты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын және Мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы басталғаннан бері республика бойынша 1 мыңнан астам экологиялық акция өткізілді, оған 10,4 млн-нан астам адам қатысты, оның ішінде 586 мың ерікті.

— Жалпы 1,6 млн тоннадан астам қалдық жиналып, 859,6 мың га аумақ тазартылды, — деп нақтылады Ерлан Нысанбаев. 

«Таза Қазақстан» бастамасы азаматтардың жүйелі көзқарасы, саяси ерік-жігері мен белсенді қатысуы нақты жемісін бере алатынын көрсетті. Ел тұрақты экологиялық даму бағытын айқындап алға басады, бастама әрбір тұрғынның қоршаған орта үшін жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру үшін берік негіз жасайды.