Сіздің тарапыңыздан, аузыңыздан халық мынадай сөз естіген сияқты болып тұр: Полицияларға ата-әжелерді ұр-соқ, шеруді тоқтату үшін қолыңнан келгенін істе, кез келген әдісті пайдалан, тіпті ұрып-соқ деген сияқты мағынада қабылданып тұр бұл сөзіңіз. Сіз шынымен де полицияға ата-әжелерді ұрып-соғыңдар деп айтқыңыз келді ме деген журналистің сұрағына Тазабеков былай жауап берді:
"Полицияның алдына барған кезде, әсіресе елдің алдында жүргген адам ешуақытта біреуді ұрып-соқ, біреуге қиянат жаса деп айтпайды, ол сөзді мен де айтқан жоқпын. Себебі, менің осы күнге дейінгі халыққа жасап жатқан насихатым әйеліңе жылы қара, күйеуіңді құрметте, атаңды ренжітпе, әке-шешеңнің қадірін біл деп 10-15 жыл халыққа ағартушылық насихатымды айтып келіп, бір күнде мыңдаған адамның алдына шығып ұрып-соқ деп айтпаймын ғой. Ол жерде мен монтаж деген сөзі қолданғаным да сол, себебі сөздің басындағы сөзді алып келіп, сөздің аяғындағы сөзді ортасына қосқан кезде ол адамның характерін де, табиғатын да өзгертіп жібереді. Адам барды көрмейді, іздегенін көреді дейді ғой. Мен Меккедегі бір полицейдің жағдайын екі түрлі жағдайда айтқан болатынмын. Ал видеоны монтаждаған адамдар оның бірінші жағын алып тастап, екінші жағын қалдырған кезде мен қаталдықты насихаттап жатқандай көрініп тұрмын. Кім не үшін шығады? Мен байыбын айтып кеттім. Себебі, шеруге мен не үшін қарсымын? Біріншіден, бейбіт шеру дегенді мен көз алдыма елестете алмаймын. Бейбіт шеру дамыған елдерде", - деп жауап берді Мұхамеджан Тазабеков.