Тәжікстан мәдениет министрлігінен хабарлағанындай, осы елдің атынан өнер фестиваліне «Гулрез» және «Зебо» ансамбльдері, республиканың халық әртістері Саидкул Билолов, Парда Косим, Давлатманд Холлов, Сурае Косимова сынды өнер шеберлері қатысады. Әртістер “Күн елінің сәулелері” атты арнаулы концерттік бағдарламаны ұсынбақшы. Бағдарламаның қоюшы-режиссері және көркемдік жетекшісі – “Ильхом” шығармашылық орталығының бас директоры Наби Джалалов.
Фестиваль осымен екінші рет өткізілгелі отыр. Биыл ол Шанхай ынтымақтастық ұйымының 5 жылдық мерейтойына арналмақ. Тәжікстандық өкілдер Қытайға 11-маусым күні ұшады.