Первомайский ауданындағы халықаралық өткізу пунктінде шекарашылар Қазақстаннан Ресей аумағына шамамен 18,6 тонна насыбай алып өтпек болған Тәжікстанның 34 жастағы азаматын ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА prooren.ru-ға сілтеме жасап.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп мәлімдеді Ресей Тергеу комитеті. Сот биохимиялық-физиологиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, насыбай - денсаулыққа қауіпті зат. Бұдан тыс Ресей аумағында насыбай айналымына заңмен тыйым салынған. Тергеу барысында жүк көлігінің жүргізушісі өзінің осы қылмысқа қатысы бар екенін мойындап, сотқа түсінік берген. Фигурант кепіл негізінде босатылған. Қылмыстық тергеу амалдары жалғасуда.