Тәжік балалары ауған тұтқынынан босап шықты

МҰҚК Қоғаммен байланыс орталығының жетекшісі Нозирджон Буриев хабарлағандай, 12 және 16 жастағы екі жасөспірім биылғы жылдың 4 сәуірінен бері Ауғанстанда тұтқында болған.

"Біз балалардың "Соқыр" және "Қызыл" деген лақап аттары бар есірткі саудагерлерінің тұтқынында болғанын анықтадық. Олар өздерінің есірткі саудалаушы ағайларының - Тәжікстан азаматтарының арқасында кепілге алынған. Олар жоғарыда аталған ауған саудагерлерінен ірі көлемде есірткі сатып алып, қарыздарын қайтармаған", - деді Н. Буриев.