Тәжік кеденшілері Ресейге 20 кг астам героин шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті

Кеден мекеменің ақпаратына сәйкес, Согды кеденінің қызметкерлері Худжанд әуежайының 1-ші халықаралық терминалының аумағында героинді тәркіледі. Есірткі сәрсенбі күні таңертең Худжанд-Мәскеу бағытында бет алған жолаушыларды кедендік тексеру барысында табылған. Есірткі тасымалдады деген күдікпен Согды облысының тумасы тұтқындалды, оның аты-жөні тергеу мүддесіне орай жарияланбай отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті