Тәжік құтқарушылары ғалымдар тобының өзенге құлаған көлігін іздестіру жұмыстарын жүргізуде

CA-News-ке Соғды облысының ішкі істер басқармасынан хабарлағандай, қайғылы оқиға Душанбе - Ходжент тас жолының 138 шақырымында Зеравшан алқабында болған. көлік жүргізушісі көлігін басқара алмағандытан автокөлік жолдан шығып, Қуаңдария өзеніне құлап түскен.

"Көлікте болған жолаушылар (3 адам - агенттік ескертпесі) құтқарылған. Зардап шеккендер Айни орталық ауруханасына жатқызылған. Құтқару жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлады ІІБ.

Жүргізуші мен зардап шеккендер Пенджикент ауданындағы Абуабдулло Рудаки деген жерде зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген ғалымдар тобынан болып шықты.