Тәжік-Ауған шекарасында Ресейлік шекарашылар 250 килә героин ұстады

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қарулы қақтығыс болған жерден жалпы салмағы 250 киләдан астам, героин салынған 260 пакеті бар 9 қап табылған. Сондай-ақ, оқиға орнынан бір Калашников автоматы (АК-47) мен оның 3 оқшантайы табылды. Есірткі заттары салмағын өлшеу және тиісті тәртіп бойынша көзін жою мақсатымен шекаралық отрядқа жеткізілді.

Баспасөз қызметінен хабарлауынша, Пяндж өзенінің жағалауындағы Мәскеу шекаралық отрядының тағы бір учаскесінде бүгін таңертең шекарашылар героин салынған 80 пакеті бар 3 қап тауып алған. Есірткі салмағын өлшеу мақсатымен
заставадан отряд басқармасына жеткізілді.