Caravan Logo

Тәжікстан мақта талшығының сапасын бағалаудың халықаралық стандарттарына көшті

Тәжікстан мақта талшығының сапасын бағалаудың халықаралық стандарттарына көшті

Азия даму банкінің халықаралық кеңесшілерінің мәліметтеріне сүйенсек, тәжік мақтасын халықаралық стандарттарға сай сатқан кезде "ақ алтынның" әрбір тоннасының бағасы 80 - 82 долларға ұлғайып, нәтижесінде қосымша 12 - 15 млн доллар әкеле алады.

Тәжікстан Ауылшаруашылығы министрлігінің мамандары шетелдік сарапшыларды тарта отырып АҚШ Ауылшаруашылығы департаментінің алты стандартының негізінде мақта талшығының техникалық стандартын жасады. Оларды "Тәжікстандарт" агенттігі бекітіп, мемлекеттік реестрге енгізген.