Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

Агентікке Душанбе сейсмостанциясының жұмысшылары хабарлағандай, 24 маусым күні жергілікті уақытпен 23 сағат 26 минутта шекарада жер сілкінген. Жер сілкінісінің кіндігі Душанбеден солтүстік-шығыс бағытта 223 шақырым, ал Ходженттен 6 шақырым жерде тіркелген.

Жер сілкінісінің кіндігінде жер сілкінісінің қуаты 4-5 баллды құрады. Душанбеде жер сілкінісі 2 балл мөлшерінде тіркелген.