"Президент келесі жылдың басында Қазақстанда болуы мүмкін",- деді елші.
Жалпы алғанда баспасөз мәслихаты Қазақстандағы алдағы президент сайлауына арналды. Е.Әбілдаев журналистерді республика басшылығының сайлауды ашық әрі әділетті өткізу үшін жасап жатқан қадамдарынан хабардар етті.
Тәжікстанда тұратын Қазақстан азаматтарының сайлауға қатысу мүмкіндігіне тоқталған елші қазіргі жағдаймен Тәжікстанда тұратын 900 адам елшіліктің жанынан құрылатын сайлау учаскесінде дауыс бере алатынын жеткізді.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті