Тәжікстан президенті барлық күштерді шегірткемен күреске жұмылдыруды талап етіп отыр

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жиналыста сондай-ақ, көктемгі тұқым себу науқанын тездету, нарықты азық-түлік тауарларемен толтыру және алдағы ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің басшыларының саммитіне дайындық мәселелері қарастырылды.

Шегірткемен және өзге де ауылшаруашылығы зиянкестерімен күреске қатысты мәселеге келер болсақ, мемлекетте техника мен құрал жеткілікті дайындалған. Оның ішінде арнайы ұшақтар мен улы химикаттар да бар. Э. Рахмон қолда бар мүмкіндіктерді дұрыс және дер кезінде пайдалану, шегірткемен күреске сала мамандары мен халықты, ең алдымен тәжірибелі шаруаларды тарту бойынша нақты тапсырмалар берді. Бұл мәселеде халықаралық ұйымдар және көршілес мемлекеттермен ынтымақтасу да қажет деп табылды.

Сонымен қатар, жиналыста наурыз айындағы құрғақ ауа-райының әсерінен елдің оңтүстік аудандарында бидай егу қарқыны бәсеңдеген. Бірақ, мақта егудің қарқыны жақсы. Бүгінгі таңда мақта 37 мың гектар жерге себілген. Бұл дегеніміз өткен жылдың көрсеткішінен 22 мың гектарға көп. Былтыр 55 мың гектар жер пайдаланылмай қалған еді.

Мемлекет басшысы суарылатын жерлерді тимді пайдалану, қайтадан тұқым себуді ұйымдастыру, ауыл шаруашылығының өнімдерін, оның ішінде бидай, күріш, жүгері, картоп, пияз және сәбіз өндіруді ұлғайту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Тұтынушылар нарығын толтыру мәселесі бойынша Эмомали Рахмон жалпы бағаны, бірінші кезекте етке деген бағаны қолдан өсіруді тоқтату бойынша тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысы монополистер бағаны қолдан өсіре алмауы үшін "Точикматлубот" қоғамы және өзге де мемлекеттік құрылымдарға барлық базарларда өздерінің сату нүктелерін орнатуы қажет екенін атап көрсетті.

Қорытындысында президент биылғы жылы Душанбе қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттердің басшыларының саммитіне дайындық, ұйымдастыру және жоғары деңгейде өткізу қажеттігіне ерекше назар аударды.