Тәжікстан президенті Душанбеде ШЫҰ-ның өңірлік есірткіге қарсы орталығын ұйымдастыруды ұсынады

"Э. Рахмон Душанбеде есірткі заттарының өндірісімен және заңсыз айналымымен күрес жөніндегі ШЫҰ-ның өңірлік орталығының ұйымдастырылуын ұсынды. Оның пайымдауынша, өңірлік қауіпсіздікті нығайту үшін Ауғанстанды ынтымақтастыққа бұдан да гөрі жақсы тартып, оған мақсатты атаулы көмек көрсету қажет", - деп хабарлады Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі.