Тәжікстан президенті Эмомоли Рахмон ресми сапармен Қырғызстанға келді

"Тәжікстан президентінің ұшағын бүгін таңертең әуежайда вице-премьер Нур-уулу Досбол қарсы алды",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Эмомоли Рахмон Қырғызстанның президенті Құрманбек Бакиевпен тар және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді. Осыдан кейін екі ел президенттері баспасөз үшін біріккен мәлімдеме жасайды.

Күннің екінші жартысында Эмомоли Рахмон Бішкектегі Жеңіс алаңына барып, Мәңгі алауға гүл шоқтарын қояды. Ертең Тәжікстан президенті Қырғызстандағы тәжік диаспорасының өкілдерімен кездеспек.

Екі күндік сапары барысында өзекті құжатқа қол қойылады, деп күтілуде. Атап айтқанда, Эмомоли Рахмон мен Құрманбек Бакиев біріккен мәлімдемеге қол қояды. Сонымен қатар, елі елдің үкіметі қоныс аудару және қоныс аударушылардың құқықтарын қорғау процессін реттеу туралы келісім жасайды. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласында, мәдениет саласындағы ынтымақтастықтар туралы мекемеаралық келісім мен екі республиканың мұрағаттық мекемелері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті