Тәжікстан президенті ТМД елдерінің басшыларына ұсыныс жасады


Бұл туралы ол ТМД саммитінде ИМ содырларына қатысты жағдайға тоқталған кезінде айтты.

Президент атап өткендей, ИМ жалпыға қауіп, оның ішінде ТМД елдеріне қауіп туғызып отыр. "Бізге түсіп жатқан ақпаратқа қарағанда, Ислам халифатын орнату үшін болған ұрыстарға ТМД-ның көптеген елдерінен азаматтар қатысқан, келтіріліп отырған цифрлер жүзден бастап бірнеше мыңға дейін жетіп отыр", деді ол.