Тәжікстан президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының өңір мен дүниежүзіндегі рөлін жоғары бағалады

Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Э. Рахмон ұйымның лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес ісіндегі өңір мен әлемдегі рөлі мен маңызын ерекше атап көрсетті.

Ол сондай-ақ, Тәжікстанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қызметіне тиісті назар аударылып отырғанын атап өтті. "Тараптар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Еуразия экономикалық қоғамдастығының кеңестерінің алдағы отырысы, Ауғанстан мен өңірдегі жағдай, есірткінің заңсыз айналымымен күресті күшейту және өзара қызығушылық тудырған мәселелер бойынша пікір алмасты", - деп хабарлады баспасөз қызметі.