Бұл мәселені шешу үшін Тәжікстан басшыларының тілегінен басқа шекарааралық өзенде гидроэнергетикалық нысанның құрылысын салу үшін көршілес жатқан мемлекеттердің келісімін алу керек.
Өзбекстан Рогун ГЭС құрылысын салуға қарсы болып отырған негізгі мемлекет. Сырдария және Амудария өзендерінің бассейнінде орналасқан бұл мемлекеттің билік өкілдерінің пікірінше ірі нысан құрылысының тұрғызылуы экологиялық апатқа әкеліп соқтырады. Э. Рахмонның осы күнге дейін Ташкентті көндіру талпыныстары сәтсіз аяқталып отырды. Енді ол бұл мәселені ықпалы күшті болып отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев арқылы шешпекші. Осы мақсатта Э. Рахмон Астанаға аса ірі су электр станциясы құрылысына қатысу жөнінде ұсыныс айтты. Енді Қазақстан Рогун ГЭС-ін салуға мүдделі болып отырған Қытай, Ресей, Украина, Пәкістан және Иран сияқты мемлекеттер қатарына қосылады.
Станция құрылысының бірінші кезеңін аяқтау үшін $500 - 600 млн қажет. Алайда Өзбекстанның қатаң ұстамы арқасында жобаның жүзеге асырылуы тоқталып қалды. Душанбе істі алдыға жылжыту үшін бюджеттен $40 млн бөлді. Тәжікстан үкіметі тағы да $10 млн қаржыны ел тұрғындарынан "жинап алмақшы". Э. Рахмон Рогун ГЭС құрылысына үлес қосуға шақырды. Ал тәжікстан астанасының мэрі Махмадсаид Убайдуллаев тұрғындарға мамыр және маусым айларының еңбек ақысын Рогун ГЭС құрылысын ұйымдастыру үшін құрылған консорциум қорына аударуды айтты.