Тәжікстан Республикасы президентінің Астанаға сапары барысында Қазақстан Республикасының Рогун консорциумына кіру мәселесі шешіледі

Тәжікстанның Энергетика және өнеркәсіп министрлігінің хабарлауынша, бұл мәселе әлі де екі жақтың талқылауында тұр.

Сонымен бірге, тараптар 500 кВ-тық Ходжент - Алматы электр желісін салу жөніндегі келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.

"Тәжікстан президентінің сапары мамыр айының басына жоспарланған. Қазіргі уақытта екі елдің жұмыс топтары маңызды құжаттардың тұтас пакетін әзірлеуде. Оларға Астанада өтетін келіссөздер нәтижесі бойынша қол қойылуы мүмкін", - деп хабарлайды "Азия-Плюс".