Caravan Logo

Тәжікстан шекара бекетіне белгісіз біреулер шабуыл жасап, 17 адам көз жұмды

Тәжікстан шекара бекетіне белгісіз біреулер шабуыл жасап, 17 адам көз жұмды

«Түнде 20 адамнан құралған қарулы топ атыс қаруын қолдану арқылы Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Сұлтанабад» шекара отрядының № 4 «Ишкобод» әскери бөлімінің шекара бекетіне шабуыл жасаған. Олар бетіне маска киген», - дейді агенттікке сұхбат беруші.

Оның сөзінше, белгісіз біреулер шабуыл барысында 5 автоматты алып алған.

«Күштік құрылымдар жүргізген операция барысында қаруланған қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды. Олардың бесеуі тұтқындалды. Қарулы атыс кезінде шекара әскерінің сарбазы мен бір милиционер көз жұмды», - дейді ҰҚМК-ның баспасөз қызметіндегілер.


Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы құрылып, тергеу жүргізілуде.