И.Саттаровтың хабарлауынша, Ұлыбритания Корольдығы мен Солтүстік Ирландияның Тәжікстандағы елшілігі Тәжікстан әуе компаниясының аталмыш қара тізімге қамтылғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарып, бар қателік Қырғызстанды Тәжікстанға шатастырып алған "Интерфакс-Еуропа" ақпараттық агенттігінде деп түсініктеме берген.
"Точикистон" мемлекеттік әуе компаниясы Ұлыбританияға мүлдем рейс жасамайтындықтан оған тыйым салып, "қара" тізімге қамтуға ешбір қисын жоқ",- деді И.Саттаров. Ол Ресейлік "Интерфакс-Еуропа" ақпараттық агенттігінің бұл ақпаратты дайындауда жіберген салдыр-салақтығы агенттік қызметкерлерінің кәсіптік деңгейінің төмендігіне тікелей байланысты болуы мүмкін деп мәлімдеді. Өйткені, СІМ өкілінің айтуынша, Тәжікстан тақырыбында Ресейлік БАҚ-тарда жарық көрген мақалалар мен хабарламаларға талдау жасау барысында республика осындай жағдайға бірнеше мәрте тап келген.
"Сондай-ақ, Тәжікстан СІМ бұл хабарламаны "Интерфакс-Еуропа" ақпараттық агенттігінің нақты деректерді бұрмалау арқылы Тәжікстанға қара күйе жағу үшін жасаған қасақана қадамы деп санамайды. Сол себепті агенттік жоғарыда жарияланған ақпаратты теріске шығарған хабарлама таратады дегенге сенеді",- деді И.Саттаров.