Тәжікстан соңғы үш айда 50 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін шетелдерге шығарды



Ауылшаруашылығы министрлігінің болжамына сәйкес, биыл былтырғы жылмен салыстырғанда Тәжікстанда жеміс-көкөніс өнімдерінің түсімі 5 процентке артады. Былтыр елде 715 мың тонна көкөніс, 550 мың тонна картоп, 148,2 мың тонна жеміс пен 90,3 мың тонна жүзім өсірілген. Жалпы өнімнен Ресей Федерациясына Тәжікстаннан 40 мың 960 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдері, 44 мың 339 тонна кептіліген жемістер экспортталған.

С.Сангинованың айтуынша, биыл Тәжікстан Ресей, Беларусь, Қазақстан және басқа да елдерге 170 мың тонна өнім шығара алады. Сонымен бірге бұл елдерге Тәжікстанда шығарылатын консерві өнімдерінің 90 проценті сатылады.