"Кездесу барысында А. Юлдошев, Бакуде жақын арада Тәжікстанның елшілігі ашылатындығын және бұл мекеменің басшысы тағайындалып қойғандығын хабарлады. Ол сондай-ақ, "Әзербайжанмен арадағы екіжақты қатынастарды дамытуда экономикалық мүдделіктің ерекше орын алатындығын, бірақ екі ел арасындағы басқа өзара ықпалдастықтар да жоғары деңгейде екендігін атап өтті", деді СІМ.
Э. Мамедьяров екі ел арасындағы екіжақты қатынастардың пәрменділігіне жоғары баға беріп, Бакуде Тәжікстанның елшілігін ашуға, сондай-ақ экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға әзербайжан тарапының кез-келген көмек көрсетуге дайын екендігін тілге тиек етті.