"Барки Точик" акционерлік холдингтік компанияның бас инженерінің орынбасары Рашид Гуловтың хабарлауынша, " Тәжікстанда шағын су электр станцияларын салу жөніндегі сегіз жобаны осы республика үкіметі мен Кувейттің даму қоры бірлесе $11,6 млн көлеміндегі қаржыға жүзеге асыруда. Оның $9,2 млн қор, $2,4 млн - Тәжікстан үкіметі шығарған.
Р. Гуловтың айтуынша, БҰҰ Даму бағдарламасының қаржысының есебінен республиканың таулы аудандарында шағын су электр станцияларын салу жөніндегі тағы да төрт жоба жүзеге асырылуда.