Тәжікстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің ақпараты бойынша Хатлон ауданында бір аптадан бері егіндік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Хатлон ауданында кеше 3 мың 536 гектарға мақта отырғызылса, науқан басталғалы 19 мың 934 гектар егілді. Бұл ел бойынша мақта алқаптарына жалпы бөлінген 253 мың 752 гектар жердің 8 пайызын құрайды. Хатлон облысында мақтаның алқаптары үшін 160 мың гектар қарастырылған.
"Егінді жұмыстар республикалық деңгейдегі аудандарында ғана басталып қоймай, Гиссарий және Тұрсынзада сияқты аудандарында да жүргізілуде. Жуырда мақта егу жұмыстары Согди облысында да басталады ", - деді ауыл шаруашылық министрлігіндегілер.
Былтырғы жылы Тәжікстан Республикасында 254 мың 279 гектар жерге мақта егіліп, 419 мың 597 тонна өнім жиналды. Бұл жоспарланған 550 мың тоннаның 76,3% құрады.