Тәжікстанда 4-5 балл жер сілкінісі болды

Душанбе сейсмологиялық станциясының хабарлауынша, жергілікті уақытпен сағат 04.51-де республикада жер сілкінісі болды, сілкініс ошағы Душанбеден оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жерде, Рудаки ауданының аумағында тіркелген.

Сілкініс ошағында дүмпу қуаты Орталық Азия елдерінде қооданылатын 12 баллдық шкала бойынша 4 - 4,5 баллға жеткен, Душанбеде қуаты 3-4 балл жер асты дүмпулері тіркелді.

Қазіргі жағдаймен зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.