Тәжікстанда 5 баллдық жер сілкінісі болды

"Азия-Плюс" агенттігіне Тәжікстан үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар комитетінен хабарлағандай, Душанбе қаласынан оңтүстік-шығыс бағытта 240 шақырым жерде орналасқан жер сілкінісінің кіндігінде тербеліс күші 5 баллды құраған. Ал Душанбе қаласының өзінде 4 балл, Таулы Бадахшан автономиялық аймағында - 2-3 балл болған. Құрбандар мен қирандылар жайында ақпарат келіп түскен жоқ.