Тәжікстанда 5 мыңға жуық бала мен жасөспірім мектепке бармайды - ТР Білім министрлігі

Министр орынбасарының айтуынша, бұл балалардың көбісі елдің алыстағы таулы аудандарынан келгендер, "және де олардың өздері де, ата-аналары да Душанбеде тіркелмеген". "Олар осыған сәйкес, тіркеусіз мектепте оқуға бара алмайды",- деп атап өтті ол. Ф. Рахимовтың пайымдауынша, бұл проблеманы жергілікті атқару органдары мен күш құрылымдарының араласуынсыз шешу мүмкін емес.

Соған байланысты білім министрлігі республиканың аудандары мен облыстарының жергілікті атқару органдарына аталмыш проблеманы шешуге көмек көрсету туралы хат жолдады.

Ф. Рахимов сондай-ақ, министрлік бұл балаларды мектептерге қайтару үшін шаралар қолданып жатқандығын хабарлады. Атап айтқанда, "республиканың Педагогикалық ғылым академиясының ғылыми педагогикалық институтына базарлардың маңында мектеп ашу туралы мәселені пысықтау тапсырылған, яғни бұл балаларға ең болмағанда кешкі уақыттарда, жұмыстан кейін білім алу мүмкіндігін беру",- деді министрдің орынбасары.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті