Тәжікстанда астық түсімі жаппай жинала бастады

"Азия-Плюске" Тәжікстанның Ауыл шаруашылық министрлігінен хабарлағандай, осы аптаның басында барлық егілген 227 мың 536 гектар алқаптың 26 мың 480 гектар жерінен астық жиналған. Министрлік өкілінің айтуынша, бұл өткен жылдың осы уақытында жиналған көлемнен 7 мың 806 гектарға артық.

Жалпы алғанда осы күнге дейін 32 мың 582 тонна астық жиналған. Бұл өткен жылдың осы уақытындағы көрсеткіштен 15 мың 672 тоннаға, яғни, 50 пайызға артық. Әрбір гектардың орташа өнімділігі 20,2 центнерден келуде. Егілген астықтың жалпы көлемінің 25 мың гектарын бидай құрайды. Одан осы күнге дейін 31 мың 328 тонна жиналған. Бұл өткен азбен салыстырғанда 14 мың 418 тоннаға артық болып есептеледі.