Тәжікстанда астық түсімін жинау жалғасуда

Тәжікстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Нарзулло Дадабаевтың ақпаратына сүйенсек, әрбір гектардың орташа өнімділігі 19,5 центнерді құрап отыр. Барлық орылған астық тұқымдастар алқабының 41 мың 481 гектар жеріне бидай егілген. Бидай өнімі қазірдің өзінде 60 мың 200 тоннадан асып кеткен. Ал былтыр осы уақытта 25 мың тонна ғана жиналған еді.