Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұқарамен байланыс орталығынан хабарлағандай, жергілікті тұрғынның үйінен Ауғанстаннан шыққан 39 кг героин мен 12 кг марихуана табылып тәркіленген. Осы оқиға бойынша құрылған арнайы жедел-іздестіру тобы Ауғанстаннан есірткінің Тәжікстанға қалай тасымалданғанын анықтайтын болады.
Жергілікті тұрғын тұтқындалған. Оған қатысты Тәжікстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200- бабының 4-тармағы (сату мақсатындағы есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.