Тәжікстанда Ауғанстаннан 145 килограмм есірткіні контрабандалық жолмен өткізуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Тәжікстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас басқармасының баспасөз орталығының бастығы подполковник Хушнуд Рахматуллоевтың айтуынша, шекара сызығындағы арнаулы операцияның барысында ұсталған Тәжікстан азаматынан 140 килограммнан астам гашиш, 5 килограмм героин мен оқ-дәрісі бар Калашников автоматы табылды.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, қылмыскердің сыбайластары іздестіріліп жатыр.