Шегара ведомствосының ақпараты бойынша, Хамадони шегара отрядының аумағында таң ата шегара күзеті ауыстырылып жатқанда, шегарада білгісіз біреудің келе жатқаны байқалды.
"Шегараны заңсыз өткен адам күзеттің талабын орындамай қарудан ата бастаған. Шегарашылар басқа амал болмағандықтан оған қарсы оқ атқан. Белгісіз адам көрші территориясында жасырынып қалды. Шегарашылар атыс болған жерде 30 келі героин салынған дорбаны тапқан", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Шұғыл іздестіру жұмыстары кезінде сол күні Хатлон облысының Пәнжі ауданы бойынша ҰҚК бөлімінің қызметкерлері мен Пәнді шегара отрядының шегарашылары бірлесе отырып есірткі қоймасын тапқан. Ол жерден 10 келі героин, РГД-5 жарылғыш заты бар 20 гранат, Калашников автоматының 7 оқсалғышы, 3 тротил шашкасы мен көп көлемде оқтар тәркіленді.
Жыл басынан бері Тәжікстан шегарашылары заңсыз айналымнан 366 келі есірткіні тәркіледі, оның 84 келісі героин болды.