Тәжікстанда бидайдың 70% орылды

Қазіргі жағдаймен 140 мың 954 гектардан жиналған бидай бастырылды.

Орылған бидайдың жалпы көлемі 268 мың тонна болды, былтыр осы мерзімде бидай түсімі 203 мың 342 тонна болған, бұл биылғы түсімнен 64,5 мың тоннаға кем. "Әрбір гектардан жиналған орташа шығымдылық 19 центнерге тең", - деді Тәжікстан ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Н. Дадабаев.