Ауылшаруашылық министрлігінің өсімдік шаруашылығы басқармасының бастығы Саидмурод Бахриддиновтің хабарлауынша, биылғы кампания мықты қарқынмен жүріп келеді.
Өткен жылы елде 419 597 тонна шикі мақта жиналған. Бұл жоспарланған 550 мың тоннаның 76,3% құраған. Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, елде мақта егетін 33 аудан бар. 32,5 мың диқан шаруашылығының 10 941-і мақта егумен айналысады. Елде мақта егу дәстүрлі түрде наурыз мейрамынан кейін басталып, мамырдың екінші онкүндігінде аяқталады.
Болжанып отырған жоспарды мақта егетін шаруашылықтар 10 мамырға дейін іске асырмақ ниетте.