Душанбе сейсмостанциясынан хабарлауынша, жер асты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 22.59-да сезілген. Душанбеден оңтүстік-шығысқа қарай 340 шақырымда, Ауғанстан аумағында тіркелген сілкініс ошағында дүмпу күші 3,5 - 4 балл болды. Душанбеде магнитудасы екі балл тербелістер сезілді.