Орталық сайлау комиссиясының шешімімен республикада 68 сайлау округі мен 3200 сайлау учаскесі құрылады. Сайлауды ұйымдастыру үшін әрбір округтік сайлау комиссиясының әрбіреуіне 300 сомониден, учаскелік комиссияларға 200 сомониден бөлді.
Үміткерлерді қолдаушылардың тиісті мөлшердегі қолын жинауға 20 күн белгіленеді.
Халықаралық бақылаушыларды аккредитациялау сайлауға 20 күн қалғанда, жергілікті бақылаушыларды аккредитациялау 10 күн қалғанда аяқталады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Тәжікстан президентінің сайлауы 2006-жылдың 6-қарашасына белгіленген. Тәжікстандағы тұңғыш президент сайлауы 1990-жылдың күзінде өтті. Ол кезде Кахор Махкамов сайланып, артынан отставкаға кетті. Тәжікстанның екінші президенті - Рахмон Набиев болды. 1994-жылы Эмомали Рахмонов республика президенті орынтағына отырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті