Прокуратураның мәліметтерінше, Интерполдың Тәжікстандағы ұлттық бюросының 2 аға өкілі Соғда облысы Зафарабад ауданының қыз зорлаған деген айып тағылған тұрғынынан 1 мың доллар және алтын алқа алып жатқан жерінен ұсталған.
Интерпол қызметкерлерінің үстінен ТР ҚҚ 319 бабы /пара алу/ бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал облыс прокуроры қолға түскен құқық қызметкерлерін тұтқындау туралы бұйрыққа қол қойды.
Тәжікстан 2004 жылдың қазан айынан бастап Интерполға мүше.