Мекеме түсініктемесіне сәйкес, 3-тамызда лаңкестікке қатысы бар деп айыпталған бір еркек тұтқындау шарасының барысында қойнына жасырып алған РГД-5 гранатасын жарып жіберді. "Жарылыс салдарынан сонымен бірге ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бөлім бастығының орынбасары подполковник Икром Джалолов та қаза тапты. Бөлім бастығының орынбасары Искандар Разыков пен шұғыл әрекет ету жөніндегі арнаулы бөлім қызметкері Шамсидин Наимов жарықшақ тиіп ауыр жарақаттану салдарынан ауруханаға түсті",- деп хабарлайды ІІМ.
Бұл деректі тексеру үшін Тәжіктсан ІІМ-де шұғыл тергеу тобы құрылды.