Тәжікстан мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Абдуфаттох Шариповтың хабарлауынша, "Маджлиси намояндагон маджлиси оли мен жергілікті халық депутаттары маджлисінің сайлауы мерзімін белгілеу туралы" тиісті жарлыққа Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонов Конституцияға, сондай-ақ, "ТР-ның маджлиси намояндагон маджлиси оли сайлауы туралы" және "Жергілікті халық депутаттары маджлисінің сайлауы туралы" Тәжікстан Республикасының Конституциялық заңдарына сәйкес қол қойды.
"ТР парламентінің жоғарғы палатасы - маджлиси милли маджлиси оли мүшелерінің сайлауы 24-наурызда өтеді",- деді ТР президентінің баспасөз хатшысы.