Тәжікстанда мектеп құрылысына демеушілік көрсеткен кәсіпкерлер салықтан босатылды

Дүйсенбі күні парламенттің (маджлиси намояндагон маджлиси оли) төменгі палатасының отырысында заң жобасын ұсына отырып, Тәжікстанның білім министрі Абджаббор Рахмонов мұндай адамдардың саны Тәжікстанда 13 екенін, олардың ақша-қаражаттарына елдің әртүрлі аймақтарында барлығы 2,1 мың оқушыға арналған мектептер мен сыныптар салынғанын жеткізді.

Палата спикері Сайдулло Хайруллоев және коммунистер жетекшісі Шоди Шабдолов жобаны негізінен құп көре отырып, "егер жеке тұлғалар қаражаттарын Білім министрлігіне бұдан ертерек салғанда, Білім министрлігі қазірдің өзінде типтік жобамен мектептер сала бастайтын еді", - деді.

Соған қарамастан, биылғы жылдың бюджетіне ұсынылған түзету депутаттардың көпшілік дауысымен (57 адам қолдаған, 1 адам қарсы) қабылданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті