Жуықта аудандық сот қала үлгісіндегі Дангара аулының үш тұрғынының әрқайсысына "ақша шашқаны" үшін ең төменгі 100 айлық жалақы (2000 сомони, немесе 581 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салған.
Тәжікстанның "Әдет-ғұрып және дәстүрлерді реттеу туралы" заңды жүзеге асыру жөніндегі аудандық комиссияндағы ақпарат көзінің хабарлауынша, "көрсетілген тұлғалар жергілікті "Шаббода" мейрамханасында өткен үйлену тойда ақша шашқан, ал бұған заң бойынша қатаң тыйым салынған". Олардың айтуынша, бұл - ауданда заңды қолданған бірінші жағдай, дегенмен комиссия өзінің негізгі міндеті "жазалау емес, халық арасындағы түсіндіру жұмыстары", деп санайды.
Осы тектес жағдай Муминабад ауданында да тіркелген. "Бірақ ол сотта қаралмай қалған, себебі оны заң талабына сәйкес тұрақты жұмыс істейтін комиссия емес, Муминабад ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы рәсімдеген",- деп хабарлады журналистерге Куляб аймақтық сотының төрағасы.
Естеріңізге сала кетейік, сәуірде Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон ел зиялыларымен кездесу барысында ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді жүзеге асыруға кететін шығындарды қысқартуға кеңес берген. "Халық жыл сайын әртүрлі пайдасыз әдет-ғұрыптар мен басқа да іс-шараларға 1 млрд-тан астам АҚШ долларын жұмсайды, бұл отбасының бюджеті айтарлықтай шығынға ұшыратады",- деп мәлім етті тәжік көшбасшысы.