Мемлекет басшысының орынтағы үшін бес үміткер додаға түсуде. Атап айтсақ, Халықтық демократиялық партияның жетекшісі, қазіргі президент Эмомали Рахмонов, Коммунистиік партия ОК-нің хатшысы, Тәжікстан маджлиси намояндагон маджлиси оли депутаты Исмоил Талбаков, Экономикалық реформалар партиясының жетекшісі, тәжік транспорт институтының ректоры Олимджон Бобоев, Социалистік партияның төрағасы Абдухалим Гафаров пен Аграрлық партияның жетекшісі Амир Каракулов қатысуда.
Тәжікстандағы сайлауға ТМД-ға қатысушы 8 елден 230-дай өкіл бақылаушылық жасауда.
Тәжікстанда 7 млн. халық тұрады. Оның ішінде 3,2 млн. адам дауыс беру құқығына ие.
Тәжікстанда 3,2 мың сайлау учаскесі құрылған.
Қазақстанда тұрақты немесе уақытша тұратын Тәжікстан азаматтары Астанада (сайлау учаскесі Тәжікстан елшілігінің ғимаратында ашылған) және Алматыда (елшілік өкілдігінің ғимаратында) дауыс бере алады. "Дауыс беру таңертеңгі сағат 6 мен кешкі 20 сағат аралығында жалғасады",- деп хабарлайды агенттікке Тәжікстанның Қазақстандағы елшілігі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті