Тәжікстан Республикасы бас мал дәрігерінің орынбасары Абдурахмон Мамадшоевтың айтуынша, аталмыш елдерде құс тұмауы белең алуға байланысты осындай шешім қабылданып отыр. "Сонымен бірге инкубация мерзіміндегі жұмыртқа, үй және жабайы құстардың жас етін, мал азығына және ауылшаруашылығы өнеркәсібінде пайдалануға арналған құс етінен жасалған өнімдер әкелуге тыйым салынады",- деді ол.
Оның айтуынша, жарты жылда Тәжікстанға 5 мың тірі құс, 2 мың 757 тонна құс саны, 640 тонна құс етінен жасалған шұжық, 607 тонна құс еті мен 911 тонна тауық етінің жентегі әкелінген. "Бұл өнімдердің 80 проценті Ираннан, қалғаны Ресейден әкелінген",- деді Абдурахмон Мамадшоев. Оның айтуынша, Тәжікстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің мал дәрігерлік бас басқармасы тыйым туралы телефонограмма мәтінін республиканың барлық шекаралық және кедендік бекеттеріне жолдады.