Душанбе сейсмостанциясының ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Тәжікстанның солтүстік-шығысында Душанбеден 110 шақырым жерде Қырғызстанмен арадағы шекарада тіркелген, онда жер асты дүмпуінің қуаты 4,7 балл болды.
Тәжікстанның төтенше жағдайлар комитетіне құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.